Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  147


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жарыма

Енжарлық билеп бойымды,
Екі ұдай болған кезім көп.
Елпілдеп ұғып жанымды,
Еркелеп келдің сезім боп.
Бұзыла бергіш көңілге,
Бап керек қобыз күйіндей.
Ұнату бар да өмірде,
Ұғысып кету қиын ғой.
Дақ түссе титтей жағама,
Жүрегіне түскен дақтай боп.
Аптаға жетпей далада,
Жаюлы тұрды ақ көйлек...
Жасырмай жоқты, барымды,
Көлденең жұртты таң қылып.
Күлкіңмен жылтып жанымды,
Күлдіре берші мәңгілік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу