Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  82


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жастықта елтең-селтең көп....

Жастықта елтең-селтең көп,
Тындырам бәрін ертең деп,
Тойтаңдап, тойып жүргенде
Тартылар қуат кем-кемдеп.
«Табам, − деп, − жолдың дұрысын»,
Түтендеп оны-мұнысын.
Отыздан асып кеткенде
Ой түскен күнің құрысын.
Елеңдеп кейде жат ойға.
Қырықтан асып кеткенде,
Тайғанап сертте тұра алмай,
Тірлікті түпсіз ұға алмай,
Елуге енжар, сақалсыз,
Ұялмай келдік, я Аллай-ай!
Бұтағындай боп аршаның,
Бүп-бүтін үкі, моншағың.
«Он бесте отау иесі»,
Он жеті екен дер шағым!
Аңсай да, аңсай шаршадым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу