Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  79


Автор: Мерғали Ыбыраев

Тамырым тірлік санайды....

Тамырым тірлік санайды,
Ажалды тосып сұғанақ.
Жүзімнен қарттық қарайды,
Жүректен жастық сығалап.
Секілді сырқат Мәжнүнін,
Айнаға қарап күлемін.
- Кәртайдың – десе әжімім,
- Кәртайма! – дейді жүрегім.
Бет моншағым үзілдің,
Ұяттан жанға сәтте ағат.
Тозығы жетті жүзімнің,
Тоздырған қыздар көп қарап.
Қырғыйдай тиген күн ұмыт,
Көңілдің келмей хошы да.
Қаймыға берем, күмілжіп,
Кәрілік деген осы да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу