Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  107


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ібіліс

О,қасірет аңдыған мұнда ма едің?!
Тағдырым сайқымазақ бұл да менің.
Қатқаныңның басына күлемісің,
Қалғанын үмітімнің ұрла менің,
Бойымда көнбей қойған сезім арда,
Күліп тұрсын,күрсінтер кезің алда.
Жығылмас оған бола жығам менің,
Құдайдың көретұғын көзі барда.
Құдайдың айта тұғын сөзі барда,
Құрылған саған дағы тезі барда,
Іш өзің саптаяқтың сар суындай,
Малтаңды өз зәріңе езіп ал да.
- Іш – дейсіңсол нәжістен ішілмеген,
Мың жылдық мыстан кемпір сұсыңменен.
Ібілістің інісі бола алман,
Адам болып жаралған үшін де мен.
Тырнағын жүрекке сап Ібілістің,
Ілініспейтін жерде көп іліністің.
Бірдеме деп сөйлейсің түсінбедім,
Бар дағы жындарыңмен ұғынысқын.
Жаралсаң сүріндіріп,жылатуға,
Жаралғам демеп,жебеп жұбатуға.
Сен сенсең Ібілістің өнеріңе,
Мен сенсем құдай берген қуатыма.
Сөзіңе сенің айтқан құлақ та асқам,
Ізіңді қайталаман бірақ басқан.
Сен «білемін» дегенің Ібілістік,
Құдай білер сырымды сұртпастан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу