Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  78


Автор: Мерғали Ыбыраев

Екі жүрек

Қарамай алды-артыңа, жолдағыға,
Сен де арман шырмалдың ба, торға мына.
Жалғызды ап шырқыратып, шыныменен,
Ұлымнан ұл сүймейтін болғаным ба?!
Неге сен жол белгісін теріс қойдың,
Дұрыс жүрем, оныңмен келіспеймін.
Баламның тәнін алсаң, жаны менде,
Өліспей ешқашан да беріспеймін.
Дөңбекшіп кеткенімде көп уһлеп,
Бетімді сипағандай кекілі кеп.
Бәрібір мен өлгенше ол өлмейді,
Соғып тұр бір кеудеде екі жүрек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу