Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  95


Автор: Мерғали Ыбыраев

Үш минут

- Үш минут су ішінде шыдайды адам,
- Үш-ақ минут» - деймін де шыр айналам.
Біреулер қолмен ымдап көрсетеді,
Секірді дегендей боп былай балаң.
Бәрінің әлем-жәлем кейіптері,
Олардың кейіпі емес кейіткені:
Сөздерін естімеймін, секілді бір,
Бәрі де мылқау кино кейіпкері.
Білмеймін неге бұлар сыбырлайды,
Құр ғана еріндері жыбырлайды.
Ұқпадым мен оларды меңірейіп,
Мені де әрине олар ұғынбайды.
Білмеймін сақтығы ма, сасқаны ма?!
Бір минут өтіп кетті қас қағымда.
Құрдымға «тәуекел!» деп кеттім қарғып,
Азырақ малтушы едім жас шағымда.
Оқ тиген қанатынан құс секілді,
Сермеуге аяқ-қолым күш сеиілді.
Құтқарып өзімді әзер қалыпты олар,
Ойласам қәзір бәрі түс секілді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу