Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  313


Автор: Мерғали Ыбыраев

Көңіл айту

Кеш келіп інім маған көңіл айттың,
Баламды ауызға алып егіле айттың.
Қайтейін жұдырық боп түйіліп кеп,
Жайылған алақан боп кері қайттым.
Үйіме көңіліңді келіп айттың,
Бір көрген бауырыңа еріп айттың.
Қайтейін астан-кестең толқын болып,
Жайылып жағалауға кері қайттым.
Ағаңа білем інім, сеніп айттың,
Көп сөзді көңілдегі теріп айттың.
Дәл айттың, тауып айттың, лажым жоқ,
Еріксіз ашуымнан бері қайттым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу