Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  109


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ақкөбелек

О, саған бап та керек, бақ та керек,
Құпия сырларымды сақта бөлек.
Жап-жасыл жапырағыма қонақтаған,
Жаздағы қайда кеттің ақкөбелек?
Дос едік қарамай-ақ қас-қабаққа,
Кеттің бе, көктем іздеп басқа жаққа.
Сен әлде қонақтадың – қу бұтаққа,
Сен әлде қонақтадың – жас сабаққа.
Дүниеде ұмыттың ба мен барлығын,
Біреудің бақшасында нең бар, күнім.
Сау ма екен, көргендерің айтыңдаршы,
Қағаздай қанатында мең бар тұғын.
Нұрымен сені әлде ай теңседі,
Көтерші, жарқ-жұрқ етіп қайта еңсемді.
Сауықшыл, сайран қуып ұшып-қонған,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу