Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  97


Автор: Мерғали Ыбыраев

Тамаша

Үш күн бойы қыстығып,
Келе алмадық байламға.
Таласты кеп... үш жігіт,
Халил болып ойнауға.
Хисам абзый жетекшіміз
Деді: былай...ойлаймын.
Пьесада үш Халил жоқ,
Халилді өзім ойнаймын!
... Көрермен көзін сүздіріп,
Спектакль басталған.
Тальян гармонын сыздырып,
Халил жырлайды бақшадан:
«Терезем түбі тәтті бал.
Тамсанып тұрсаң – татып ал.
Сүйгенің сәулем, шын болса,
Ғалиябану, сұлуым – еркем,
Терезеден тартып ал!»
Ғалиябану қолын созды,
Тартты, - күші жетпеді.
Терезеден – Халил және
Шырматылып кетпеді.
Қыз әкесі келеді енді,
Болысуға Халилге,
Аяғынан демеп еді,
Өзі тұрып төменде;
Халил тағы ұмтылады,
Ішке енуге әйнектен.
Сыймай қойды, - ышқынады,
Әуре болды, ол тектен.
Әйелі айтты тұрып залдан:
- Азаптанба, Хисам – деп
Не шығады, бос тырмысып
Есіктен кір, сисаң деп!
Әйелінің бұл кеңесін,
Қуаттады жарты зал...
Естіледі Халил жыры:
«Есігіңнен тартып ал!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу