Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  86


Автор: Мерғали Ыбыраев

Розаға рым

Бұрын да, бала кезде ірі емес ең,
Шап-шағын тұлғаң нәзік түрегесең.
Қаршадай қаршығаның балапаны,
Жып-жылтыр жүзі емес, жүрегі әсем,
Не керек бір центнер салмақ жинап,
Болды ғой әннен сұлу жүдемесең.
Қаршадай қарындасм, жүрегі әсем!
Бас ұрып, табынбаймын атағыңа,
Қол жайып, бата берген атаң мына.
Әндегі ерлігінді қоямын мен,
Апайың Әлияның қатарына.
Келмейді арып-талмай зейнет тегін,
Әніңмен ақтара бер бейнет кенін.
Үніңмен аузын ашқыз француз бен,
Арғымақ ағылшынның бойжеткенін.
- Роза! – деп талай ақын жыр жазыпты,
«Мақтаудан» мына ағаң құр қалыпты.
Даңықты көтере біл, дала қызы,
Даладай мызғымайтын бір қалыпты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу