Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  81


Автор: Мерғали Ыбыраев

Сағиға хат

Сағи аға, сау-саламат жүрсіз бе?!
Өлеңменен күн туғызып, күнсізге.
Өлеңменен тіл бітіріп, тілсізге,
Борыштармыз сондықтан да біз сізге,
Жыр-жүрегі дүрсілдей бер, дүрсілде!
Сағи аға, Семей жақта қыс әлі,
Қыс күніндей қатқыл көңіл құсалы.
Қысқа күндер қадамымды тұсады,
Жеткізбеді жаздың жылы құшағы,
... Семей жақта қыс әлі ...
Үміт – Арман бір тұтанып, бір өшіп,
Келем мен де көппен бірге ілесіп.
Сонау күндер ашулы еді, мың есік,
Қалды содан тұтқасы жоқ бір есік,
Оның өзі ашылмайды сіресіп,
Қырық деген келе жытыр түн өсіп...
Ен даланың самалын да бөлетін,
Тауларымның маралын да бөлетін.
Ақын көрдім «бөлініске» сенетін,
Ақын бар ма, ар алдында өлетін,
Сол жүректің сыдатады өлі етін.
Секілденіп бөлінбейтін ана әні, -
Сіз даламның бөлінбейтін самалы.
Төрт тараптан соғатұғын аймалап,
Төрт тараптан жырлайтұғын таң әнін,
Сағи аға, сізді сырлас санадым,
Сағи аға, Сізді мұңдас санадым,
Тарқатысқан өлең-сауда базарын.
Қырандармен бірге қонып, бірге ұшпай,
Өз көлімді қорып қалдым қызғыштай.
Өз тауымды қорып қалдым, - Шыңғыстай,
Өз өлеңім ыстық болып, - Тұңғыштай,
Шырық айналдым, шыға алмадым – қызғыштай.
Көлдер бар ма, мәңгі мұз боп қалатын,
Қондым мұзға, талғаннан соң қанатым.
Көкше мұздап сәлем айтқан – Көктемге,
(Көкегі жоқ шақыратын өз атын),
Сол жырларым «Ғашық тілі» болатын,
Көлемі де пышақ қыры болатын.
Шаң бүркеніп, сарғыш тартқан үстіне,
Сол жинағым көзіңізге түсті ме?!
Кім шығарар үстелінің үстіне,
Не айтармын қолында бар күштіге,
Сол жинағым көзіңізге түсті ме
Ұнамаса, көлденеңнен бір тартып,
Хат жазбай-ақ, ырғалтып та жырғалтып.
Терезеден жіберіңіз лақтырып,
Соңғы ірет ұшсын байқұс бір қалқып,
Көрінсе де кімге дұрыс, кімге артық,
Сол сауап қой, жатқанынан дым тартып.
Арыз емес, наз секілді хатымды,
Былғамадым атап және атымды.
Біреу біліп, біреу білмес ақынды,
«Пәленшемін» деп жату да артықтау,
«Ғашық тілі» өзі айтпаса затымды,
Көкше мұздан ұшып шыққан ақырғы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу