Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  82


Автор: Мерғали Ыбыраев

Сынға – сын

Өзгертеді салтын кім?!
Өлшемі бар әркімнің.
Арзандаған кезі көп,
Алтын-екеш алтынның.
Дәл маймылға айналар,
Тәтті тілмен майдалар.
Жақсы дейтін – жақсыны,
Жаман дейтін – жаманды,
Хас жігіттер қайда бар!
Айыптылар – ақталған,
Айыпсыздар – сотталған.
Дарынсыздар – мақталған,
Дарындылар – датталған.
Оқиғасы қап-қалың,
Өтіп жатыр апта, күн,
Асыл дейтін асылды,
Ағаларды таппадым...
Деп өлеңімді оқып келе жатқанымда бір оқырман орнынан атып тұрып,
жырымды түгел аяқтатпастан күтпеген жерден сұрақ қойды:
- Бір қиянат сезілсе,
Ел сынағыш өзің ше?!
- Міңгірлеймін мен дағы,
Мықтылардың көзінше!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу