Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  87


Автор: Мерғали Ыбыраев

Таңғы ұйқы

Дауыл да жоқ, көтеретін тозаңды,
Жауын да жоқ, басатұғын тозаңды.
Жауым да жоқ, тартқызатын жазамды,
Бауыр да жоқ, көтерісер қазамды,
Махаббат жоқ, алатұғын мазамды,
Кешіп келем із түспеген сонарды,
Кезіп келем жаралмаған ғаламды.
Аспан да жоқ, іркес-тіркес бұлты ұшқан,
Жаулық та жоқ, жаға-жеңді жыртысқан.
Мансап та жоқ, егес те жоқ қырқысқан,
Топырақ жоқ, тұратұғын қыртыстан.
Жоқ сондықтан, саршұнақ пен сұр тышқан.
Бабам үні естіледі алыстан
Анам үні шақырады бір тұстан...
Жоғалады бірте-бірте елесі,
Қара түннің сөгіле ме, көбесі...
Тірілер мен өлілердің арасын,
Қай болып қиып түскен таң осы!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу