Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  85


Автор: Мерғали Ыбыраев

Шуақты күндер

Шуақ күндер шыныменен келсе игі,
Аршып жатыр қалың қардан жел – шиді.
Сонау..., дөңде маңдайынан бу шығып,
Қыстың жүзі қызарғандай тершиді.
Улап-шулап қош айтысқан Ақпанға,
Құс үнінен құлақ тұнар шатқалда.
Ризамын, қос қанатты құстарым,
Автограф жазып берген ақ қарға!
Күміс табан шана жонып – жолсыздан,
Омбыларды бауырымен нар сызған.
Мықтылардың мығым ізін көргенмін,
Етегіне сүрінгенде әлсіз жан ...
Жазып-жазып иероглиф – қар сызық,
Ақ борандар жатып қалған жар сүзіп.
Қалың қардан қараңдайды енді-енді,
Тобылғының тоқал басы – қамшылық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу