Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  113


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ҚАЗАҚ ДАҢҚЫ

Өнері өткен талай өткелектен,
Атағы жетпіс асып, көкке кеткен,
Өр даусы төрт мұхитты көктеп өткен,
Шырқалған Жамбыл жырмен қазақ даңқы!
Белінен айуанды басқанда адам,
Шақтарда шаһарда аман тас қалмаған,
Ерліктің төресімен аспандаған,
Ұлы Отан соғысында қазақ даңқы!
Бағасын батырлықтың танып берген,
Майданнан маңызына қанып келген,
«Правда» беттерінде дәріптелген,
Эренбург қаламымен қазақ даңқы!
Қожайын Отанға өзі, заманға өзі,
Бағының баянды боп жанар кезі.
Даңғайыр, дала маңдай қаламдозы,
Өрлеткен өнерімен қазақ даңқы!
Шұғыла – шапағаты кісіге ұғар,
Жақсылық – жаралғалы ісі құмар,
Қоладан қос жұлдызды мүсіні бар,
Қайраткер айбынды еткен қазақ даңқы!
Қадамын болашаққа басқанда нақ,
Сәулетті сарайларды тастан қалап,
Партия арқасында аспандамақ,
Сүйікті Отанымда қазақ даңқы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу