Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  141


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ЖУРНАЛИСТИКА

Өтсізі, өттісі бар,
Өз күшін сынар дарын.
Патшаны көкке ұшырар,
Төресі шығарманың.
Жебенің ерек түрі,
Жетеді алыстан да үн.
Қарудың ең өткірі,
Қаламы данышпанның.
Күн көсем көпке бірден,
Жеткізген ұлы арманын.
Алғашқы беттерінен,
«Искра», «Правданың».
Сөздермен жіті де өтті,
Невада шығарда ақ таң.
Уақытша үкіметті,
Алдымен «Правда» атқан.
Қарсы кеп зорлықтарға,
Қайраған адамды үні.
Журналист сондықтан да,
Ильичтің мамандығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу