Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  120


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ҮЙЕҢКІ

Түз көркін мынау көзесе түбі,
Түзетер сенің көшіңді бұл ай.
Мәпесіз, бапсыз өзі өсетұғын,
Өміршең, өргек өсімдігім-ай.
Риза – иығы сыйған бағына,
Көнбісін мұндай қияр ма дала?!
Үймелер үйір үй маңдарына,
Үйеңкі байғұс зияннан ада.
Бұлт үйір, бірақ арайлы санам,
Тізгінін ойдың жия алмағанда.
Қызығып, көгім, қараймын саған,
Қырдың барысын қиялдағанда.
Елжіреп тұрған есіл таң, міне,
Ерке жүректі келіндеріне.
...Өсімдіктердің өсімталдығы,
Бітсе екен деймін менің де еліме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу