Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  89


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Бастан талай қиял өтті...

Бастан талай қиял өтті,
Қиял мені ұяң етті.
Бір қиялға еремін деп,
Көрдім, білдім қияметті.
Күлгін, сұп-сұр шашым күлдей,
Соны сорлы басым білмей.
Қош, ендеше, күнес мезгіл,
Қош, ендеше, жасыл күнгей.
Кеше жас ем, кеше ер едім,
Кеше ер едім, есер едім.
Жасыл едім, сұп-сұр болды,
Менің жүрген көшелерім.
Кешегі ерге, есер ерге,
Өкпең болса, кеше көрме.
Сен қашқасын сұп-сұр болды,
Сен жүретін көшелер де.
Күн көре алман елесіңмен,
Кетпейсің сен неге есімнен?
Күн де, түн де сен кетсін деп,
Өткен күннің енесін мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу