Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  105


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Мырс етермін, міз бақпастан күлермін...

Мырс етермін, міз бақпастан күлермін,
Тәу етермін, басымды иіп жүрермін.
Ішіп-ішіп басылармын, арқалап,
Жүргеннен соң ар-намысын бір елдің.
Өлген де жөн! Мөлдір пейіл ақ сана,
Неге мені алдың қоршау – жақшаға!
Енді өлімге бет бұрғанда, неліктен,
Тірілттің сен кебіс алар ақшаңа?!
Бұл ғұмырды қу да сүрген, сұм сүрген,
Тең көріп ем бозадағы былшылмен.
Жаңа от құйып, жарылқап ең неліктен,
Носа түстес ләйлек деген сусынмен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу