Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  93


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Біз білмейміз, нәтижесін ел білмек...

Біз білмейміз, нәтижесін ел білмек,
Сенім менен күш жетелеп әлдебір,
Жүрмін егер қолдан келсе бергім кеп,
Өзім көрген сұлулыққа мәңгі өмір.
Сәті түссе айналсын деп жұлдызға,
Жанымда ішкі бар күшіммен онда да,
Кеше ғана өлең жаздым бір қызға,
Жазғандай боп мәңгілікке жолдама.
Қажет болса жазып берем саған да,
Сапарыңды бұдан былай оң сана.
Жақсылықты жасап жүрмін адамға,
Оным біраз әпенділік болса да.
Көріп жүрміз әр қаладан әр жылы,
Жақсылық бар, саған да бар тиесі.
Шындыққа егер айналғанда қалжыңы,
Мен айттым ғой деп мақтанар иесі.
Уақыт, уақыт, күш тапсаң да қайдан бір,
Болашақта көп болғай деп шуақ, нұр!
Қалжыңымды шындыққа тез айналдыр!
Екі жақты осылайша қуандыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу