Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  110


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Ызу-шулы, ащы, қаңғыр әуендер...

Ызу-шулы, ащы, қаңғыр әуендер,
Шолтаңдатқан еркектің де бұрымын.
Құбыланың қабағына тәуелді,
Бұдырсыздау, бүрсіз табан ғұмырым.
Жартастардың бетін қызыл жас жуды,
Ербеңдейді шолақ қолы түбірдің.
Атам асы боп көрмеген ащы уды,
Ащы ойлардан аумағасын сімірдім.
Жүрегімнің көзін талай жас жуды,
Ойсыраған орманындай түбірдің.
Атам асы боп көрмеген сусынды,
Мен де ақымақ шығармын деп сімірдім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу