08.06.2022
  2850


Автор: Туған күнге тілек

65 жасыңыз құтты болсын

Алпыс бес жас есік ашты,
Құтты болсын туған күн.
Қуанышқа бөлеп сізді,
Шаттық берсін думан бұл.

Бар жақсыны тілеймін мен,
Ауырмаңыз, шаршамай.
Күлімдеңіз, мұңаймаңыз,
Әуелетіп ән сала-ай.

Саулығыңыз мықты болсын,
Жаратқаным жар болып.
Аман болсын отбасыңыз,
Қасыңызда бар болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу