Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  189


Автор: Жұбан Тасар

КҮЗ. ҚАРАҒАЙ

Күз лебі, ағаштардың жапырағы үзіліп,
Тұскілемге түр салғандай, түсті қию түзіліп,
Қарағай тұр, тарамдалған бұтақтары шалқайып
Бойын созып, көкке қарай шаншылады сүзіліп.
Бәлки өзін, игіліктің тетігіне балаған,


Күн нұрының мөлдіріне құштарлана қараған,
Тіршілікті нәрлендірер тірегінің аясы
Көтеріліп сол биіктен көрінгенін қалаған.
Жұмыр жердің құнарына тамыр тартып қабаттан,
Саф ауаны баптауменен айналаға таратқан,
Ғанибет қой, қажет болу шарапаты тиетін
Қабілетін өзгелердің қадесіне жаратқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Акемнмн жазсан олен жинактары
Акешимнин жазган олендери оте керемет.жинактап жарыкка агамнвн Аталык коп енбеги синди.басымды иеиин.

Пікір жазу