Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  240


Автор: Жұбан Тасар

АСТАНА

Қазақтың арқа төсінде,
Астана асқақ жас қалам.
Бәйтерек өзек өсінде
Сәулеті сұлу жасқаған.
Есілге түсіп сәуесі,
Астасып сайын көгіммен.
Талайлар таң қап әуесі
Тамсана келіп өбілген.
Қарымы барыс қадамды –
Сүйсіне елдер қараған.
Тартады көркі ғаламды
Бойынан нұры тараған.
Сәулесі ізгі жерімде,
Әлемге тарқар тұяқты.
Бірлігі тұтас елімде
Әулетті тұлға сияқты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу