Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  325


Автор: Жұбан Тасар

АБАЙ – ШЫҢ, БҰЛТ ҰЯЛЫ...

Абайды сараптайтын ақын емен,
Алыпқа жүз қадам да жақын емен.
Абай – шың, бұлт ұялы, кеудесі күн,
Етекте өсу арман – тақыл емен.
Әр берген ғибараты даламызға,
Ортақ ол Адамзатқа, санамызға,
Бар ғалам әрбір сөзін пір тұтады
Сыйынып Тәңіріндей данамызға.
Ұлы ақын әр сөзімен құйған алтын,
Жоймайтын ешқашанда баға нарқын.
Құбылып сан қырлана жалтылдайды,
Абай тұр тұғырында – «әлем ақын».
Ту етіп сөз төресін ойлы жерден,
Ұмтылған бір Өзіңе қилы өрден,
Санаулы олжа салған, жаныңа кеп
Ақындар сәлемдескен сыйлы төрден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу