Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  277


Автор: Аталық Әбдешұлы

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚҰТ ТӘҢІРІ

Қолдап Алла
Азатетті,
Орақ балға
Дәуір өтті,
Ұлдарымен
Асыл текті
Егеменге
Қолым жетті !
Елбасымен
Берен елмін:
халқым тірек,
қосып білек,
айтақырға
табан тіреп,
баққа бағдар
барар жолға,
ақ гүл тілеп
қадам бастым,
сұспен сіреп!
Бұлқын жылда
Асу астым:
түйін жаңа,
үйім жаңа
күйім жаңа,
ағардым!
Озық елмен
иықтастым,
жаңардым!


Әлем танып,
Жігер жанып
Бет түзедім,
Тартып тыңға,
Қуат алар
Өрлеп шығар
Қилы қырға,
Қанығуға
Қырлы сырға,
Жаңғыруға
Жылдан жылға!
Елін бастар
Адал ұлға,
Баршамызға:
Тәуелсіздік –
Асқақ сезім,
Сан мың жылға
Елін, жерін
Нәрлендіріп,
Әрлендіріп
Етер өркен
Ғажап көркем –
Құт Тәңірі
Нұрлы тұлға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу