Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  152


Автор: Қайырды Назырбаев

Бес күндік жалған тірлікте...

Бес күндік жалған тірлікте,
Біріңді бірің бағалап.
Қызғаныш отын жандырма,
Қайтесің босқа табалап.
Патшаға берсін тауфиық,
Жұртыма берсін қанағат.
Болмасын мүлде жаманат.
Алланың жаусын рақымы,
Сіздерге мәңгі, жамағат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу