Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  165


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

АҚ ҚЫРАУ БАСҚАН АҚПАНДА

Ақ қырау басқан ақпанда,
Айнала аппақ ақ таңда.
Сені ойлап жаным келем мен,
Алшаңдай басып Ақтауда.
Мүмкін маған бақ таң ба?
Деп келдім, жаным, тоқтамға.
Айнала неткен әдемі,
Ақ қырау басып жатқанда.
Көңлім де аппақ ақ қардай,
Сәбилік таза шақтардай.
Кездескен сәттен өзіңмен,
Сезімім шалқып жатқандай.
Келші бір сәтте осындай,
Қарсы алам сені тосылмай.
Шығар ма сезім құмардан,
Мойынға білек асылмай.
Жымыңда сен де ақ қырау,
Араймен таңғы шағылып.
Есімде қалсын бал күндер,
Алатын еске сағынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу