Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  88


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

МҰҢАЙЫП ЖҮРСІҢ НЕГЕ СЕН?

Алқызыл жүзің солыңқы,
Мұңайып жүрсің неге сен?
Жадырап кәне, қарашы
Көнейін сосын не десең.
Торықпа жаным, түнеріп
Мұңайған саған жараспас.
Болсайшы одан шіреніп,
Қайғымен тіпті санаспас.
Тұңғиық түбі – қайғының,
Көрінбес көзге – тас түнек.
Көрсетіп мінез айбынын,
Алға да қадам бас түлеп.
Еңсені көтер тік ұста,
Болады сонда ұтыс та.
Мәселе жоқ қой шешілмес,
Мәселе дұрыс ұғыста.
Жадыра кәне, күлші бір,
Жадырап солай жүрші бір.
Көтеріп көңіл сергітіп,
Маған да көңіл бұршы бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу