Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  158


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

СЕН СҰЛУСЫҢ

Сен сұлусың,
тек қана маған емес,
Көңілімде келбетің болар елес.
Қадірлей ме,
білмедім сені жаным,
Алдымызда
алынбас тұр ғой белес.
Біріксек
біз жеңеміз бәрін-дағы,
Іс қой бұл
бір Алланың қолындағы.
Жұрт не десе,
о десін, пішту бәрі,
Біз құрбанбыз
махаббат жолындағы.


Түсін жаным
осыны өзің мендей,
Екі ойлы боп
өзіңе жүрме сенбей.
Мен бар жерде
қысылма қарағым-ау,
Артық жан жоқ
өмірде маған сендей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу