Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  99


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

МЕНДЕ СЫР ЖОҚ...

Менде сыр
жоқ сенен жаным жасырын,
Сүйем сені,
естимісің сүйіктім?
Сен қасымда
жүрсең болды асылым,
Сонда ғана
көңілім көкте биікпін.
Асыл сөзді
көкірегіме жиып мың,
Жүрегіме
пәк сезімді ұйыттым.
Сүю бақыт
екендігін өмірде,
Сен арқылы
көңіліме түйіппін.


Жанарыңнан
бақыт нұрын жиі ұқтым,
Едің бұрын
сыр ашпайтын тұйық тым.
Дүр серпілдің
көңілімді көтеріп,
Жүрегіме
сырлы сезім құйып тың.
Сүйкімдісің лағындай киіктің,
Қылығыңмен бал сезімді иіттің.
Пәк сезімді адалдығың алдында,
Бақыт үшін саған басты иіппін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу