Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  85


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ЖЫРЛАЙ БЕРЕМ...

Қазақстан,
қазақ деген халықпын,
Бұтағымын
өр Түріктей алыптың.
Елім менен
еңіреген ерлерден,
Жүрегіме
мәңгі қуат алыппын.
Жоңғарларға
жау оғындай атылдым,
Теңдік үшін
талай таңды атырдым.
Ақ патшаның
дәргегіне жармасқан,
Сан жылдардың
қойнауында жатыр мұң.
Талай мәрте
арпалыспен өтті күн,
Жөргегімде-ақ
жүрегіме екті мұң.


Азаматындай
алып тұлға Алаштың,
Арпалыспен
азаттыққа жетті кім?
Көкірегімде
өр намыстың оты боп,
Батырлардың
жүрегіне жағылдым.
Ақыр міне,
қабыл болды тілегі,
Елі үшін
еңіреген ақ Ұлдың!
Тәуелсіздік –
қабыл болған тілегім,
Теңдік алып
мен қайтадан түледім.
Қолға түскен
Азаттық пен Еркіндік,
Азаматтың бақыты деп білемін.
Тәуелсіздік –
қастерлейтін тұмарым,
Шат дүр қазір
желкілдеген Ұланым.
Мақтанышпен
теңдікті айтып, жар салып,
Жырлай берем
қанғанша ақыр құмарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу