Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  87


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

АСАУ КӨҢІЛ

Асау көңіл
қарамай-ақ тасқынға
Сезім шіркін,
Қуат барда тасқында.
Қалды талай
Құнарлы ойлар көміліп
Мал ізі мен
құм, шаңдардың астында!
Деп ойлаймын
Шабыттанған кей кезде
Момын-ақпын
Қарапайым жай көзге.
Ойындағы жүзеге аспай
жатса егер.
Болады екен,
бұл ақындар ай кезбе.
Қызыл сөзді
Қызбалатып алданып,
Жүргеніммен
Ой елеске арбалып.
Күнделікті шаруаменен күйбеңдеп,
Жүргенім де
Жақсы екен мал бағып.



Деймін тағы
Шаршағанда қол сілтеп,
Бірақ мені жатқызбайды
Тылсым көк.
Дүбаралық бар көңілдің аласы,
Шабытымда сезім,
қуат болсын тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу