Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  72


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

АЙТАРЫ БАР АҚЫНДАРДЫ ҰНАТАМ

Келер күнге
жібін созып үміттің,
Қам көңілімді
өлеңменен жібіттім.
Қиым-қиғаш,
кедір-бұдыр өмірдің,
Қиындығын
осы сәтте ұмыттым.
Құмарланып
жыр оқыған кезімде,
Күлімденер
шаттық оты көзімде.
Өлең құдірет,
иірімі тұңғиық,
Әсер етер
шымырлатып сезімге.
Жақсы ақынды
көңілімнің туы еттім,
(Мынау қандай
деме бірі қу ептің).
Ұнағанның
бәрін мақтап, мадақтап,
Келмейді әсте
даңғазаның шуы еткім.
Өлеңменен
кейде өзімді жұбатам,
Өлең оқып


кейде атырам бұла таң.
Мейлі мені
делқұлы де өзің біл,
Айтары бар ақындарды ұнатам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу