Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  98


Автор: Талғат Қайбұллаұлы

ТӘУЕЛСІЗДІК

Өлеңнің ыстық аптабын


Шабытты ем,
Келмес тоқтағым.
Керегіңді ал, оқырман,
Өлеңнен шашу шашқаным.
Айтатын ой бар жырымда,
Емес ед бұл да шатпағым.
Аңсатып күткен еліме,
Арайлап атқан ақ таңым,
Қаңтардан кейін туғандай,
Аппақ қыс мынау ақпаным.
Басыңа қонған елімнің,
Басына қонған бақ таңым.
Күпірлік қылған мен емес,
Шүкірлік айтам Хаққа мың.
Бейбіт күн бе едің еліме,
Бұлт шалмаған аспанын?
Арманы ма едің елімнің
Жетіп бір тұрған шаққа бұл?
Талайлар тіккен бастарын,
Біледі бүгін жастарым.
Мәңгі орна елдің басына,
Тәуелсіздік ақ таңым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу