07.06.2022
  124


Автор: Ескен Елубаев

САНАМАҚ

Айтшы сен,
Бiрден,
Адамда не бiр-бiрден?..
...Тiл,
Бауыр,
Жүрек,
Мұрын...
Тура айттың,
Дұрыс мұның.
Ал, аташы,
Шетiнен,
Адамда не бар «екiден?..»
Екi құлақ,
Екi аяқ,
Екi қол бар.
Екi көз,
Екi өкпе,
 Тағы да екi бүйрек,
Сол бар...
Омыртқа бар отыз,
Жiлiктер бар сегiз,
Жəне санай қалсақ,
Он-оннан
Башпай, саусақ.
Қабырға қайысқан.
Жиырма төрт майысқан,
Бар, аппақ түсi
Отыз екi тiсi...
Өстiп санап қарасаң,
Адамдардың бойынан
Шығады екен талай сан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу