07.06.2022
  160


Автор: Ескен Елубаев

ТIЛ САБАҒЫ

Тiлдi жақсы меңгерген,
Сынақ алам сендерден.
Айтшы кəне, жауабын
Сұрақтарға мен берген.
Бастауышын мен айтам,
Баяндауышын өзiң тап.
Сөйлем құрап жалға да,
Қолданар бiр сөзiн тап.
– Бас...
– Ауырады.
– Ми...
– Солқылдайды.
– Шеке...
– Тырысады.
– Шаш.
– Таралады.
– Қас...
 – Қағады...
– Кiрпiк...
– Жыпылықтайды.
– Құлақ...
– Шыңылдайды.
– Мұрын...
– Пысылдайды.
– Ерiн...
– Дiрiлдейдi.
– Тiл.
– Күрмеледi.
– Тамақ...
– Қырылдайды.
– Ауыз...
– Ашылады.
– Құйқа...
– Шымырлайды.
– Желке...
– Күжiрейедi.
– Мойын...
– Созылады.
– Өңеш...
– Өртенедi.
– Шүйде...
– Шодыраяды.
– Кеуде...
– Керiледi.
– Тобық...
– Таяды.
– Ұрт...
– Томпияды.
– Иық...
– Көтередi.
– Төс...
– Қағады.
– Жүрек...
– Шаншиды.
– Қол...
– Қусырады.
– Аяқ...
– Аттайды.
 – Балтыр...
– Сыздайды.
– Өкпе...
– Қабынады.
– Қарын...
– Ашады.
– Қабырға...
– Қайысады.
– Бауыр...
– Басады.
– Бүйрек...
– Бұрады.
– Сүйек...
– Қақсайды.
– Арқа...
– Құрысады.
– Тiзе...
– Бүгедi.
– Бiлек...
– Сыбанады.
– Бел...
– Майысады.
– Жота...
– Күжiрейедi.
– Өт...
– Жарылады...
Сөйлем құрап жараған,
Бəрекелдi, балақан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу