Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  82


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Адамдар балаларды сан алдады...

Адамдар балаларды сан алдады,
Белгілі ағза ісінің маған бәрі.
Негізі жаратылыс өлгеніңше,
Арманнан шығатын сүт тағамдары.
Біз жақта сүт бар дейсің, – қайдағы оңған,
Аулымыз төбеге емес, сайға қонған.
Жел де жоқ, күн де ыссы, сондықтан мен,
Арманның айранынан пайда болғам.
Айран не...Өзінше бір дара туған,
Безетін естіп қойса бала артынан.
Есләм Зікібаев дегенменен,
Арманның іркітінен жаратылған.
Түсесің арманды ойлап отқа қайсың,
Ірімшік, ежігейін жоқтамайсың.
Арманның құртын тістеп қырт еткізсең,
Сол қыртыл...ғұмыр бойы тоқтамайсың.
Базардан алып келдім міне бұршақ,
Осыны ексеңдерші, түге, бір сәт.
Алатау сиырындай ағызар еді,
Арманға силос берсе, жүгері сап.
Айнаға қарайыншы...Ес жоқ өзі,
Тұрады адыраңдап «еще» көзі.
Арманның сүтіменен ұрықтанса-ау,
Саулықтар мыңғыртар ед кеще қозы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу