Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  108


Автор: Ислам Қосжан

Құштарлық

Шығарып салып,
Құстардың тұрсаң тізбегін,
Барады қайтып, барады айтып күзге мұң.
Көктемде келер үмітке толы құстардың,
Тізбегінен мені іздегін...
Құстарды көрсең,
Сап түзеп ұшқан төбеңнен,
Ол менің хатым сағынышын өрген өлеңмен.
Ешкімге әлі ашпаған жүрек сырларын,
Құпия сақтап келем мен.
Тізбегін көрсең,
Сұңғыла сазды құстардың,
Мекенін аңсап ағыл да- тегіл ұшқан мың.
Сол құстар деген көктемге ғашық емес пе?
Дәл сондай саған құштармын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу