Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  359


Автор: Ислам Қосжан

Балдызға

(Әзіл)


І
Серік қылып,
Мол үмітті,
Бір жүректі мазалап,
Жыр еткізіп.
Есігіңнің алдына сол жігітті,


Қойдың ба сен ақысыз күзетші ғып.
Күннің қарап кешіккен батысына,
Мен сияқты кешегі,
Болып ғашық.
Күзеткеннің бір күні,
Ақысына,
Балдызым-ау кетпесін алып қашып!
ІІ
Жоғалғандай,
Мендегі төзім мүлде,
Қадалады апыр-ай,
Көзің кімге?!
Өзге түгіл шынымен,
Кейде осы,
Қызғанамын мен сені өзімнен де.
Ұқсатамын өзіңе гүл орамын
(Мендей қамқор жоқ шығар сірә, жаным)
Болғаны да шіркін-ай қандай жақсы,
Қызғанатын өзгеден,
Бір адамың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу