Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  78


Автор: Ислам Қосжан

Түсіне кірем мен қашан?!

Теңіздің мынау,
Шаттыққа бөлеп жағасын,
Аружан сұлу,
Маржандай тұнық қарасың.
Сапарлар шеккен,
Алыстап аппақ кемелер,
Арманым болып,
Ардағым болып қаласың.


Қайрмасы:
Тербесін мені, тербесін,
Көгімді шаттық кернесін.
Тербелмей тұру мүмкін бе?
Осындай жерге келгесін.
Теңіз де осы,
Сағыныш сазын желпіген,
Өзіне тартқан,
Тұңғиық ойлы, көркімен.
Сұлулық біткен түсіме менің кіреді,
Ақудай арман,
Түсіне қашан мен кірем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу