Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  101


Автор: Ислам Қосжан

ҚЫЗ СЫРЫ

Мүмкін мен он сегізде. Не жиырма бесте болармын
Әңгіме онда да емес... Жігіттерден қыздарды көп дейді.
Мен сол көптің бірі болғым келмейді.
(Қыздың жазған күнделігінен)
Жұлдызың боп,
Жарқырасым көгіңнен,
Сәулелері аққан жас боп көзімнен.
Қолаң шашым – түн десем,
Сені аңсап,
Төсегіме төгілген.
Саған деген,
Болмысым мен күйіммен,
Сен күн болсаң,
Мен гүл едім иілген.
Бір-ақ ысқыр,
Ит біткенді шулатып,
Атып шығам үйімнен.
Сағынышым үйінді боп үйілген,
Сенсіз өткен күндеріме күйінген.
Бір-ақ ысқыр,
Айды аспаннан келтіріп,
Кетем үйден бүгін мен.
Сырлы саздың,
Желі есіп үніңнен,
Сен келетін,
Жолға үміт жүгірген.
Бір-ақ ысқыр,
Айлы түнде шіреніп,
Атып шығам үйімнен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу