Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  93


Автор: Ислам Қосжан

Тас-талқан болған жүрегім...

Сүймеген жанды қайтесің дейді,
Сезім ұнатқан жоқ па ?
Сүйемін!
Махаббат оты өртесін мейлі,
Өзім жаққан отқа,
Күйемін!
Сүймесін мейлің,
Бәрі-бір маған керек шын,
Қызығам желге,
Шашынан оның сыйпаған.
Жүргенге енді не жетсін,


Жақындау оған бір қадам.
Көңілде жүрген,
Өмір деп білген,
Мүсін ең,
Ғашықтық у-ын,
Кісідей қанып ішіп ем.
Махаббат үшін,
Тас-талқан болған жүрегі,
Төлегенді аяп,
Қодарды мен де,
Түсінем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу