Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  81


Автор: Ислам Қосжан

О, Махаббат ұлысың

Күн бе?
Ай ма?
Бірі шын,
Қонған бақыт жырысың!
Шағын мейрам жасадым,
Өзің білші,
Кім үшін?!
Күн бе?
Ай ма?
Нұры шын.
Бірі күн де,
Бірі түн.
Қызды кешке шақырсам,


Ертіп келді жігітін.
Бітті бәрі.
Құрысын.
Өлді десем,--
Тірісің!
Осыныңмен ірісің,
О, махаббат ұлысың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу