Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  76


Автор: Ислам Қосжан

Автопортрет

Қыртысты,
Шоқыр маңдай –
Аралымдай,
О баста туа - жекжат, ағайындай.
Ұштары оқтын-оқтын түйісетін,
Қайықтың қос ескегі – қабағымдай.
Кім былғар?..
Күнгей беттен орамалын,
Теңізге батқан Күндей қарағаным.
Қисықтау,
Соқпақ жолдай танауым бар,
Иілген тұмсығындай шағаланың.
Толқынның айбыны бар мінезімде,
Қайтатын буырқанып лезінде.
«Теңізге иек артқан мүйістейін»
Тастардай,
Ойқыш-ойқыш иегім бар.
Кеудем – Тау,
Елестетер құс базарын,
Қондырған жүрегіне құстар әнін.
Кермектеу өлеңдерім...
Айып етпең,
Әйтеуір,
Мен Теңізге ұқсағанмын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу