Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  77


Автор: Ислам Қосжан

Теңізді іздеу

Жасыл орман,
Жап-жасыл тегіс беті,
Сарғаяды,
Сап-сары теңіз шеті.
Сағыныш нұр,
Сарғайған Теңіздегі,
Мен Теңізді іздедім,
Теңіз мені.
Табады де,
Табады көп іздеген,
Үмітімнен су ішті көңіл деген.
Тұман шықты алдымнан адастырып,
Теңіз мені іздеді,
Теңізді мен.
Айдарыман жел ескен тәрізді еді,
Толқын болып шашылған ән іздері.
Құшағыма тұрғаным сыйғыза алмай,
Теңізді мен,
Теңіз мені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу