Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  98


Автор: Ислам Қосжан

Теңіз. Теңіз жағалап жүгірген тарғыл ит

-Қойға өзіміздің төбетті ұстамай, қайдағы жоқ тарғыл ит асырыған.
- Хім...
-Сау ит емес, «есекті көкке айдасаң, тақырға қашар» - деген, көктем
келсе болды, ұлидыма-ау... Теңізге діңкелейді де тұрады.
-Хім... (жаңа атқан насыбайын шырт түкірді.)
- Қасқырбайдың бұған не жазығы бар дейсің, жазған-ау?! Балалары ,
қала жақтан әлі көзін ашпаған күшіктей әкелген. Бұл иттің аталары
аңшы болған болу керек. Ол содан... Бәкең аузына насыбай салды
-Хім...
(Екеудің әңгімесі.)
Шаңқылдаған айдынында шағала.
Теңіз беттен,
Соққан желден әл жиып,
Жүгіреді қамысы ну жағаға,
Отар қойды тастап кетіп...
Тарғыл ит.
Толқындарға толқи қарап,
Толқыған,
Жаға қуып,
Жүгіреді тарғыл ит,
Аспан кезген,
Ой қатпарлы жалқы ән,
Тұратындай жүрегіне нәр құйып.
Өткен күні,
Қайтқан қаздай оралып,
Үнін қосқан көктемге.
Тарғыл ит қой,
Алғашқы боп қуанып,
Теңіз жаққа кеткен де.
Аңшылықтың бәсі қалған көнеріп,
Теңіз бетке ұлып кейде алады.
«Ит дегенің жүрмейді ме неге үріп?»
Түсінетін адам -
Жанын шамалы.
...Қойлы ауыл,
Шу, мереке әр күні,
Күнде келіп,
Төл санайды басқарма.
Қаз-үйректің естіледі қаңқылы,
Тарғыл ит қой ұлып алған аспанға!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу