Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  86


Автор: Ислам Қосжан

Теңіз, мен, қыз

Көрсем деп сені, аспандап бардым,
Сағынышқа толы сезімге ердім.
Қанатын қаққан қасқалдақтардың,
Тұп-тұнық мөлдір көзінде көрдім.
Тосыннан шабыт қонған ақынға,
Әлсіздік болса сілкінбес еді.
Ұшқан құстардың ән қанатында,
Жырламай қалу мүмкін бе сені?!
Қанатын қақты ән салған құстар,
Барады күзде тыраулап.
Бізден де өтті Таң Шолпан тұстар,
Сыр емес тұрмын...
Жыр аулап.
Бір нүкте болып көгің де қалдым,
Сәуле боп тұнсам есіңде мәңгі.
Шетінде тұрмын төгілме жардың,
Сен жақтан тыңдап есілген әнді..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу