06.06.2022
  339


Автор: Ескен Елубаев

ҮНЕМШI

«Дүкенге сен барғың», – деп,
Апам менi жұмсады.
«Қант,
Шай,
 Май,
Алғың», – деп,
Бармасам ол ұрсады.
«Автобусқа, жолыңа,
Осы ақшадан төлейсiң».
Бердi ақшаны қолыма:
«Қалғанын əкеп берерсiң».
...Төлегенше жолға ақша,
Неге жаяу бармасқа,
Көлiкке кетер сол ақша,
Неге өзiмде қалмасқа.
Сөйтiп ойлап бақсам мен,
Жүз теңге маған артылса,
Киноға əлгi ақшамен,
Бармаймын ба артынша...
...Жүз теңгеге
Май алдым,
Болғаннан соң үнемшi,
Бес пəшке жəне шай алдым,
Елу үш теңге бiреусi.
Дүкеннен қант алдым кеп,
Бес жүз теңге төледiм,
«Қанша ақша қалды», – деп,
Ендi есептеп келемiн.
Менiмен бiр мезетте,
Өздерiң де есепте:
Жасырсам жүз теңгенi,
Қанша ақша,
Апам бергенi?
Апама сонда қайтардым,
Неше теңге,
Айтар кiм?
(Бергенi мың теңге, қайтқаны отыз бес теңге)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу