06.06.2022
  144


Автор: Ескен Елубаев

ПЕШ

Жаңа үйге,
Жаңадан,
Пеш салу үшiн,
Қаладан,
Əкем барып, жүз кiрпiш
Əкелдi, бəрi қыш кiрпiш.
Аулаға оны төгiптi,
Бекер солай етiптi.
Далада олар жатқанда,
Түн түскенiн баққан ба,
Бiреулер бос тұрмапты,
Кiрпiштердi ұрлапты.
Жоғалыпты
Он үшi,
Қиын болды сонысы...
Əкем пештi қалады,
Лай жасап,
Қолда қалағы.
Сынды тек кiрпiш алтауы,
Қаланды пешке қалғаны.
Тастады сынған оқыста,
Алты кiрпiштi қоқысқа.
Жетпей қап пеш салуға,
Тағы да елу кiрпiштi
Тура келдi алуға.
Оларды жəне қалады,
Пештi сап əкем жарады.
 Бiрақ та елу кiрпiштiң,
Өкiнiштiсi бұл iстiң,
Жартысы қалды артылып,
Əкелген босқа артынып...
Ал кiм санай алады,
Салуға əкем жаңа пеш
Қанша кiрпiш қалады.
(106 кiрпiш)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу